Донбассты беру керек пе: Трамп Зеленскиймен кездесуі қалай өтті?

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Фото: V_Zelenskiy_official телеграм арнасынан

Трамп пен Зеленскийдің Ақ үйдегі кездесуінде екі тарап бірнеше рет сөз таластырды. АҚШ басшысы Ресей президентімен телефон әңгімесінен кейін, Украина кей аумағын Мәскеуге беру керек деп көндірмекші болған. Халықаралық басылымдар екі лидердің кездесуі жайлы осылай жазады.

The Washington Post  жазуынша, АҚШ-тың арнайы елшісі Стив Уиткофф кездесу кезінде Донбассты Ресейге беру керек екені жайлы айтқан. Ол аймақта негізінен орыс тілді азаматтар тұратынын айтып, Зеленскийді көндірмек болған.

Кездесудің жай-жапсары жайлы басылымға Ақ үйде болған екі жоғары лауазымды шенеунік құпия айтқан. Олардың сөзінше, бір күн бұрын телефонмен болған әңгімеде Ресей басшысы егер соғыс аяқталғанын қаласа, Украинаның Донбасстан толығымен бас тартуы керек екенін айтқан. Ал өз кезегінде Путин Запорож және Херсон облысын қайтаруға дайын көрінеді.

FT басылымы дереккөздерінің сөзінше, келіссөздер кезінде АҚШ және Украина президенттері бірнеше рет сөз таластырып қалған. Тіпті Трамп дауыс көтерген.

Бірақ Дональд Трамп әкімшілігі бұл әңгімелерді жоққа шығарды. АҚШ президенті Украина басшысы Зеленскиймен кей аумақты Ресейге беру туралы мәселені еш талқыламаған. Және Киевті ондай келісімге итермелемеген деп жазады Reuters.

Еске салайық, Трамп пен Зеленский кездесуі 17 қазанда Вашингтонда өткен еді. Оның алдында бір күн бұрын АҚШ басшысы Путинмен телефон арқылы сөйлескен.

Сондай-ақ оқыңыз