Қазақстанның шығысында жер сілкінді
Жарияланды

Қазақстанның шығысында, Өскемен қаласының оңтүстігінде жер сілкінді. Дүмпу қуаты – 4,1 балл. Бұл туралы Ресей ғылым академиясы Геофизика қызметінің Алтай-Саян филиалы хабарлады.
Мекеме мәліметінше, жер сілкінісі 19 қазанда Астана уақытымен сағат 22:07-де тіркелген. Жерасты дүмпу ошағы Өскемен қаласынан 327 км, Қытаймен арадағы шекарасына 36 км жерде орналасқан. Оның қуаты – MSK64 сейсмикалық есептеу әдісі бойынша 4,1 балл.

Жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.