Ильхам Әлиев Баку мен Ереван қазір қандай қарым-қатынаста екенін айтты

Астанаға келген Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Баку мен Ереванның қазіргі қарым-қатынасы туралы айтты.
Әлиев халықаралық ұйымдарда Қазақстанның қолдауын әрқашан сезінетінін айтып, сол үшін алғыс айтты.
«Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшіліктің жаңа кезеңі басталды. Соңғы қарулы қақтығыстардан кейін небәрі екі жыл өтпей жатып бейбітшілік туралы келісімді парафирлеу деңгейіне жету екі тараптың да саяси ерік-жігерінің жоғары екенін көрсетеді. Әрине, Әзербайжан мен Армения арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіру ісінде АҚШ президенті Дональд Трамптың рөлі ең жоғары бағаға лайық», – деді Әлиев.
Айта кетейік, тамызда Вашингтонда Армения мен Әзербайжан арасында келісім жасалды. Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев екі ел арасындағы бейбітшілікті орнатуға бағытталған декларацияға қол қойды.
Қасым-Жомарт Тоқаев келісімді тарихи жетістік деп атады.