Есірткі қолданған 15 қызметкер ішкі істер органдарынан қуылды
Жарияланды

Биыл есірткі тұтынғаны үшін 15 адам ішкі істер органдарынан қуылған. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінінің басқарма басшысы Бахытжан Әмірханов айтты.
Айтуынша, мұндай қызметкерлерді министрлік өзі анықтаған.
«Құқық қорғау саласында қызмет ететін 15 шақты адамның есірткі тұтынғаны анықталды, олар қызметтен кетті», – деді Әмірханов.
Әмірханов министрлікке қарасты мекемелерде қызмет ететіндердің 99%-ы антына адал екенін айтып өтті.
Ресми ақпаратқа сәйкес, елде тоғыз айда есірткіге қатысты 6 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 2,7 мыңы – қылмыстық іс. Олар:
- 1,7 мың – сату фактісі,
- 301 – аса ірі мөлшерде сақтау,
- 379 – құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру,
- 117 – контрабанда,
- 5 есірткі притоны анықталды.