Медиа жобалар авторы Ерұлан Құсайынов қайтыс болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ерұлан Құсайынов қайтыс болды/фото: Instagram/yerulan.kussainov, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Көпшілікке бірнеше YouTube жоба авторы, продюсер ретінде белгілі Ерұлан Құсайынов қайтыс болды.

Қаралы хабар «Осколки» подкастының әлеуметтік желідегі парақшасында айтылды.

«Жабаның негізін салушы Ерұлан Құсайынов өмірден өтті. Ерұлан – елдегі ірі компанияларда басшы болған талантты көшбасшы. Ол өмірін білім беру және әлеуметтік жобаларды дамытуға арнады, көпшілікке үлгі болды», – делінген хабарламада.

Ерұлан Құсайынов – «Менің атым Қызболсын» фильмінің продюсері. Одан бөлек ER-BATYR, «Осколки», Urpaq секілді жобалары бар.

Сондай-ақ оқыңыз