«Отбасы банк» Aqyl депозитінің мөлшерлемесін 14,9%-ға дейін көтерді
Жарияланды

Отбасы банк «Aqyl» депозитіне байланысты шарттар жаңартылғанын хабарлады.
2025 жылдың 13 қазанынан бастап «Aqyl» білім беру депозиттік шотының мөлшерлемесі жылдық 14,9 пайыз (ЖТСМ – 16%-дан бастап) болады.
Жаңа мөлшерлеме келесі жағдайларға қолданылады:
– 2025 жылдың 13 қазанынан бастап ашылған жаңа салымдарға;
– Сол күннен бастап ұзартылған салымдарға.
Қолданыстағы шарттар салым мерзімі аяқталғанға дейін өзгеріссіз қалады.
Отбасы банктің хабарлауынша, «Aqyl» – Ұлттық қор қаржысын баланың болашағына жинауға және көбейтуге арналған тиімді депозит. Білім беру шығындарының өсуі мен валюта бағамдарының ауытқуы аясында Aqyl салымы ұзақмерзімді жинақ үшін ең тиімді әрі қорғалған құралдардың бірі болып қала береді.