71 жастағы шалдан жүкті болған жасөспірім: Істі қараған полицейлер тексеріледі

Түркістан облысында 71 жастағы шалдан жүкті болған жасөспірімнің ісін қараған өңірлік полицейлердің үстінен қызметтік тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды kursiv.Media.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның сөзінше, Түркістан облысында 71 жастағы шалдан жүкті болған жасөспірімнің ісін Келес ауданының полициясы номенклатуралық түрде есептен шығарған. ІІМ мен облыс прокуратурасы осы іске байланысты тексеру жүргізетін болады.
«Түркістан облысында қыздың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс фактісі бойынша ІІМ және облыс прокуратурасымен жұмыс істейміз», – деп жазды уәкіл.
Оның сөзіне сүйенсек, қыз бала қаңтар айында босанып, анасы полиция шағымды қазан айында түсірген. Дегенмен қыз бала Астана қаласында босанған кезде аурухана өкілдері полицияға дереу хабарлаған. Елордалық полиция істі аумақтық белгісі бойынша Түркістан облысы Келес ауданы полициясына жіберген. Уәкілдің сөзінше, аймақтық комиссар жергілікті жерде жұмыс істейді.
Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысы Келес ауданы Еңбекші ауылында 15 жастағы оқушы 71 жастағы шалдан жүкті болып босанғанын жазған едік. Полиция зейнеткерге қатысты Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабымен іс қозғалғанын мәлімдеген.