
Атақты қытайлық актер әрі режиссер Джеки Чанның жаңа фильмін қазақстандық режиссер Роберт Кун түсіретін болды, деп хабарлайды Kursiv.Lifestyle.
Salem Entertainment компаниясының хабарлауынша, «Құдай сауыты: Ультиматум» фильмінің режиссері Роберт Кун болады. Оның кандидатурасын Джеки Чан жеке өзі таңдаған.
Роберт 20 жылдан астам уақыт бойы экшн-сахналардың режиссері болды. Ол Disney, Paramount, 20th Century Fox, Universal, MGM студияларының жобаларында жұмыс істеген. «Күндізгі күзет», «Аса қауіпті», «Президент Линкольн: вампир аңшысы», «Бен-Гур», «Ол айдаһар» және және т.б. фильмдерінде жұмыс істеген.
Сонымен қатар, Роберт қазақстандық Аction Studio Kun-do компаниясының басшысы. «Құдай сауыты: Ультиматум» түсірілімі 2026 жылдың көктемінде басталады.
Айта кетейік, қазан айының басында Джеки Чанға Қазақстанға келіп, Salem Entertainment компаниясымен келісімге келген болатын.