Қазақстан азаматтары Катарға жұмысқа бара алады

Құжат Қазақстан азаматтарының Катарда жұмысқа орналасуының құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайын, сондай-ақ, тараптардың оларды әлеуметтік және құқықтық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін айқындайды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Катар үкіметтері арасындағы Қазақстан азаматтарын жұмысқа орналастыру тәртібін реттейтін келісімді ратификациялау туралы Заңға қол қойды. Құжат жұмысшылардың құқығын қорғауға және оларды жалдаудың заңды тетігін құруға бағытталған.
Келісім не жайында
Құжатқа сәйкес, қызметкерлерді жалдау катарлық жұмыс берушілердің ресми өтініштері бойынша жүзеге асырылады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан тарапынан келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті орган болып тағайындалды.
Катардағы жұмыс берушілер міндетті:
- қызметкерлерге ұшу, тұру және медициналық қызмет көрсету шығындарын өтеу;
- еңбек шарттарын үш тілде – қазақ, араб және ағылшын тілдерінде ресімдеуді қамтамасыз ету;
- шарттардың талаптарын қызметкерге зиян келетін етіп өзгертпеу;
Қызметкерлер тапқан қаражатын Отанына аудару құқығын сақтайды. Дау туындаған жағдайда олар алдымен Катардың еңбек министрлігінде, қажет болған жағдайда сот тәртібімен шешілетін болады.
Бақылау және қорғау
Келісімнің орындалуын бақылау үшін екі елдің өкілдерінен тұратын бірлескен комитет құрылады. Ол даулы мәселелерді үйлестірумен, шешумен және қазақстандықтардың Катарда жұмысқа орналасуының жаңа мүмкіндіктерін талдаумен айналысады.
Жарамдық мерзімі
Бастапқы да келісім үш жылға жасалады. Керек болған жағдайда ары қарай ұзарту мүмкіндігі болады.