Тоқаев Жапонияның жаңа премьер-министрін қызметімен құттықтады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Санаэ Такаичи
Тоқаев Жапонияның жаңа премьер-министрін қызметімен құттықтады / Фото: Takashi Aoyama / Reuters

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның жаңа премьер-министрі Санаэ Такаичиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичиді Премьер-министр лауазымына сайлануымен құттықтап, Жапонияның игілігі жолындағы бастамаларына сәттілік тіледі», – делінген Ақорда хабарламасында.

Бұған қоса, Тоқаев Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтып, стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізген.

Айта кетейік, осыған дейін Жапония тарихында алғаш рет әйел адам премьер-министр болып сайланғанын жазған едік. Жапония парламенті Либерал-демократиялық партиясының (ЛДП) жетекшісі Санаэ Такаитиді елдің жаңа премьер-министрі ретінде бекіткен. Бұл шешім ЛДП мен Жапонияның инновациялар партиясы арасындағы коалиция құрылымынан кейін қабылданған.

Сондай-ақ оқыңыз