“Қайрат” пен “Пафос” тартысты ойында тең тарқасты
Жарияланды

21 қазан күні Алматыда өткен Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі тартысты матчта «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» командалары 0:0 есебімен тең түсті.
Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ матч тартысты болды. 4-минутта қонақтардың ойыншысы Араухо Корреа алаңнан қуылып, «Пафос» бір ойыншымен кем ойнады. Соған қарамастан, кипрлік команда қорғаныста сауатты ойнап, қарсы шабуылдармен қауіп төндіріп отырды.
Екінші таймда «Пафос» есеп ашқандай болды. Доп «Қайрат» қақпасына кіргенімен, VAR жүйесі офсайдты тіркеп, гол есептелмеді.
«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков бірнеше қауіпті соққыларды қайтара отырып, командасын талай рет құтқарып қалды.