
21 қазан, сейсенбі күні Алматыда УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур аясында «Қайрат» өз алаңында Кипрдің «Пафос» командасын қабылдайды.
Матчтың тікелей трансляциясы сағат 21:45-де «Qazaqstan» телеарнасында көрсетіледі.
Алматылық клуб Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін сәтсіз бастаған еді. Алғашқы ойында Португалияның «Спортингінен» 1:4 есебімен, ал екінші турда Испанияның «Реалына» 0:5 есебімен есе жіберді.
«Пафостың» нәтижелері
Кипрлік «Пафос» алғашқы турда Грекияның «Олимпиакосымен» тең (0:0) ойнаса, кейін өз алаңында Германияның «Бавариясынан» 1:5 есебімен жеңіліп қалды.
«Қайраттың» жалпы кезеңдегі қарсыластары: Англияның «Арсеналы», Италияның «Интері», Бельгияның «Брюггесі», Данияның «Копенгагені» және жоғарыда аталған «Олимпиакос» клубы.