Қайраттың жастар құрамасы Пафосқа есе жіберді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қайрат жастар құрамасы Пафосқа есе жіберді / фото: fckairat

Бүгін, 21 қазан күні, Алматыда өткен UEFA Жастар чемпиондар лигасы аясындағы кездесуде «Қайрат» U19 командасы кипрлік «Пафос» U19 командасынан 1:3 есебімен жеңілді.

Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ қонақтар белсенді ойнап, 8-минутта Терронес есеп ашты (пас – Цивикос). Бірінші таймның соңында Майкл Г. айырмашылықты ұлғайтып, «Пафосты» 0:2 есебімен алға шығарды.

Екінші таймда алматылықтар ойын тізгінін қолға алып, бірқатар шабуыл ұйымдастырды. 51-минутта Бағдаттың пасынан кейін Төлеухан Ә. гол соғып, есепті 1:2-ге қысқартты. Алайда бұл нәтиже ұзаққа созылмады – кипрліктер қайта шабуыл жасап, үшінші голын енгізді.

Еске сала кетейік, негізгі құрамдар бүгін сағат 21:45-те Алматының Орталық стадионында ойнайды.

Сондай-ақ оқыңыз