Freedom Holding қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге өз күшімен көмектесті

Өткен жылы Қазақстанның батысындағы су тасқыны кезінде Freedom Holding Corp. компаниясының қызметкерлері алғашқылардың бірі болып зардап шеккендерге көмек ұсынған және қаражат жинауды өздері ұйымдастырған. Бұл туралы Kursiv ESG Conference 2025 форумында холдингтің тұрақты даму жөніндегі бас директоры Бағлана Мусина айтты.
Оның сөзінше, компания жалпы құны 80 млрд теңгеден асатын ондаған әлеуметтік жобаны жүзеге асырып келеді. Бірақ су тасқыны кезінде бастама жоғарыдан емес, қызметкерлердің өздерінен шыққан.
«Біздің қызметкерлер арнайы шот ашуды, өз еріктерімен қаражат жинап, оқиға орнына барып, зардап шеккен азаматтарға көмектесуді ұсынды», – деді Мусина.
Компанияның HR-мамандар тобы бастаманы дереу қолдап, еріктілермен бірге Орал қаласына аттанғанын айтты. Олар жергілікті тұрғындар мен балаларға көмек көрсетіп, төтенше жағдайға арналған жиынтықтар мен мектеп құралдарын дайындап берген.
Бағлана Мусинаның сөзінше, бұл акция холдинг ішіндегі өзара көмек пен ұжымдық мәдениеттің қаншалықты жоғары деңгейде екенін айқын көрсетеді.
2024 жылдың көктемінде елдің бірнеше облысын су басқан еді. Тасқын 100 мыңнан астам адамды баспанасыз қалдырып, жеті адамның өмірін қиды. Он өңірде төтенше жағдай режимі енгізілді.
Freedom Holding Corp. компаниясы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 1 млрд теңге жіберген..
Айта кетейік, қазір Алматыда Kursiv ESG Conference атты жиын өтіп жатыр. Ол – қоршаған орта, әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына арналған ірі бизнес-форум.