
KIA Qazaqstan болашақта жаңа көлік түрлерін шығарады. Ол өнімдерін тек ішкі нарық емес шетелге шығаруға мүмкіндік бар. Қостанайға сапарында Тоқаев осылай деп мәлімдеді.
«Елімізде KIA Qazaqstan зауытының іске қосылуы осы саланы технологиялық тұрғыдан жаңғыртуға зор серпін берері сөзсіз. Кәсіпорын болашақта басқа да жаңа көлік түрлерін шығарады деп сенемін. Осылайша, әлемдік озық талаптарға сай көліктерімізді сыртқы нарыққа, яғни шетелге шығаруға мүмкіндік болмақ. Қазақстан жаһандық автокөлік өнеркәсібінің дамуына бар күш-жігерін салуға дайын, – деді ол.
KIA Qazaqstan зауытын Қостанай қаласының индустриялық аймағында 62,95 гектар аумақта орналасқан. Жылына 70 мың көлік өндіруге қауқары бар. 131,5 млрд теңге инвестиция құйылды.
Зауыт осы жылдың қазанында іске қосылады деп хабарлаған. Жоба аясында барлығы 1,5 мың жұмыс орнын ашу көзделген.