
Алматыда қоршаған орта, әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына арналған ірі бизнес-форум басталды. Kursiv ESG Conference атты жиында қаржы және нақты экономика секторындағы ірі компаниялардың өкілдері мен сарапшылары тұрақты даму саласындағы жетістіктерімен бөлісіп, өз ұсыныстарын жеткізеді.
Форумда:
- Қазақстан корпоратив секторының іс-тәжірибесіне тұрақты даму қағидаттарын енгізу
- «Жасыл дамудың шегі бар ма?»: технологиялық компаниялардағы ESG
- Қазақстандық компанияның тұрақты даму жөніндегі мінсіз есебінің құрамдас бөлігі атты тақырыптар аясында панельдік сессиялар өтеді.
Шақырылған қонақтар арасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай, Дүниежүзілік банк тобының мүшесі Адалят Әбдуманапова, Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов, FreedomHoldingCorp. тұрақты даму жөніндегі бас директоры Бағлана Мусина бар.
ESG форум – бұл бизнес, мемлекет, қаржы ұйымдары мен сарапшылар бас қосатын ірі диалог алаңы, онда тұрақты даму (sustainable development) тақырыптары талқыланады.
ESG – үш негізгі бағыттың қысқартылған атауы:
- E (Environmental) – экология, қоршаған ортаны қорғау;
- S (Social) – қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілік;
- G (Governance) – корпоративтік басқару және ашықтық.
Kursiv.Media ұйымдастырған конференцияны тікелей эфирден көріңіз: