Мектеп оқушылары бағдарламалауды тегін үйрене алады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
бағдарламалау мектебі
Оқушылар үшін тегін бағдарламалау мектебі жұмыс істейді / фото: ашық дереккөзден

Yandex Qazaqstan оқушылар үшін тегін бағдарламалау мектебі жобасын жүргізеді. Бұл туралы Kursiv ESG Conference форумында Yandex Qazaqstan әлеуметтік жобалар жетекшісі Мария Тимофеева айтып берді.

«Біз талантты балаларды іріктеп, оларға бағдарламалауды тегін үйретеміз. Бір жылдық курстардан кейін олар мықты ЖОО-ларға түсіп, ерте жастан табыс таба алады. Біздің серіктестеріміз – Назарбаев интеллектуалдық мектептері. Жеті жылдан бері Қазақстанның алты өңірінде жұмыс істеп келеді», – деп атап өтті ол.

Бұл жобаға 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер қатыса алады. Іріктеу қыркүйекте басталады. Байқаудан өткен балалар Алматы, Астана, Петропавл, Талдықорған, Шымкент және Қостанайда аптасына екі рет бағдарламалау сабағын өтеді. Python көмегімен болжам жасау, графиктер құру және талдау жүргізуді үйренеді.

Айта кетейік, осы жылдан бастап оқушылардың ЖИ-ді меңгеруіне де ерекше көңіл бөлініп жатыр. 8 қыркүйектегі жолдауында Тоқаев жасанды интеллект негізінде«Қазақ Digital» мектебі атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуді ұсынған. Жоспар бойынша, алдағы бес жылда білім саласына ЖИ толық енуі керек.

Сондай-ақ оқыңыз