
2025 жылы Каспий теңізі түбімен талшықты-оптикалық кабель төсеу жөніндегі стратегиялық жоба іске қосылды. Бұл жайлы үкімет отырысында «Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин мәлімдеді.
«Қазіргі таңда Қазақстан мен Әзірбайжан тарапынан теңіз зерттеулері аяқталып, жабдықтардың камералдық және зертханалық сынақтары өткізілді. Кабельдің жобалық үлгісі әзірленіп, зауытта сынақтары жүргізілуде, жұмыстар штатты түрде атқарылып жатыр», – деп атап өтті ол.
Жақын күндері зауытта кабель құрастыру жұмысы басталады. Дайын болған кабель келесі жылы мамырда Каспий теңізіне жеткізілуі керек, ал жазда төселіп бітеді деген жоспар бар. Жалпы жоба 2026 жылға дейін жоспарланған.
Каспий теңізі түбімен талшықты-оптикалық кабель төсеу көрші елдер арасындағы жоғары жылдамдықты интернет және деректер алмасу арнасын құру үшін керек. Сондай-ақ осы арқылы энергия жүйелерін жүйеаралық біріктіру мүмкіндігі пайда болады. Былтыр Ташкентте өткен инвестициялық форумда Қазақстан, Әзербайжан мен Өзбекстан осы жобаны бастау туралы меморандумға қол қойған.