Yandex Qazaqstan платформалық жұмысты заңдастыруды ұсынды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Kursiv ESG Conference 2025
Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов / фото: Делия Айдаралиева

Салық кодексінде еңбек қызметін платформалық жұмыспен ұштастыру мүмкіндігін қарастыру керек. Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов Kursiv ESG Conference 2025 форумында осындай ұсыныс айтты.

Оның сөзінше, курьерлер мен жүргізушілер өздерін әлеуметтік тұрғыда қорғалған қызметкер ретінде сезінуі және оны басқа қызмет түрлерімен ресми түрде қатар атқара алуы маңызды.

«Бұл – толыққанды жұмыс екенін, оның тұрақты табыс көзі, икемді кестесі бар және кез келген өңірде жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін түсіну – маңызды қадам. Біз курьерлер мен орындаушылардың платформадан табыс тауып қана қоймай, әлеуметтік қорғанысқа ие болуын қалаймыз. Бұл – біз үшін басты фактор», – деді Шалекенов.

Ол қазіргі таңда бұл сала заңнамалық тұрғысынан реттелмегенін атап өтті.

«Жаңа Салық кодексінде бұл бағытқа қатысты көптеген маңызды тұстар қамтылса дейміз, себебі қазіргі кезде негізгі жұмысты өзін-өзі жұмыспен қамтыған мәртебесімен қатар атқаруға мүмкіндік жоқ. Ал бұл үлкен өсу әлеуеті деп ойлаймыз», – деді компания басшысы.

Шалекеновтің айтуынша, Yandex-пен жұмыс істейтін көптеген жүргізуші мен курьердің жеке кәсібі немесе өзге бизнесі бар. Сондықтан осы қызмет түрлерін заңды түрде ұштастыру олардың жұмысын анағұрлым икемді ете түседі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай  сөзінше, Қазақстанда миллионға жуық адам сайт, маркетплейс тәрізді цифрлық платформалардан табыс табады

Сондай-ақ оқыңыз