Kursiv.Media бас директоры: жергілікті бизнес ESG ұғымын түсіне бастады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Kursiv.Media бас директоры Наталья Новикова / фото: Kursiv.Media, Милош Муратовский
Kursiv.Media бас директоры Анастасия Новикова / фото: Kursiv.Media, Милош Муратовский

Алматыда KURSIV ESG 2025 конференциясы өтіп жатыр. Environmental, Social, Governance – Қоршаған орта, Әлеумет және Басқару. ESG – тұрақты бизнес пен әлеуметтік жауапкершілікті бағалауға арналған өлшемдер жиынтығы.

ESG дегеніміз не

Ірі форумның ашылу салтанатында сөйлеген Kursiv.Media бас директоры Анастасия Новикова жергілікті бизнес үшін әлі де болса таңсық ұғымның мағынасын түсіндірді.

«Кәсіпкерлердің көбі әлі де болса оны қосымша ақша шығындау деп есептейді. Алайда болашақты бағамдай білетіндер мұның жаңсақ пікір екенін түсінеді.

  • Экология туралы сөз қозғар болсақ, таза ауа мен су, сонымен бірге салауатты ұлт туралы айтамыз;
  • Адам ресурсын тілге тиек етсек, түрлі компанияның басты капиталы – адам екенін бәріміз жақсы білеміз;
  • Басқару туралы айтар болсақ, ірі инвестор ақша салмас бұрын, ол компанияның құрылымы қандай екенін білуге тырысады.

Дәл осы үш ұғымды дамытқан компания өзін ғана емес, Қазақстан экономикасын да ілгері жетелейді», – дейді Новикова.

Оның пікірінше, кезінде сәнді сөз ретінде ғана қолданып келген ұғым енді шынымен өзекті мәнге ие болып отыр.

Форумның тікелей трансляциясын мына жерден көруге болады.

Сондай-ақ оқыңыз