
2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін құрылған «Қазақстан халқына» қорына Beeline Қазақстан компаниясы 2 млрд теңге аударып, оны қайда жұмсау керектігін өзі шешкен. Бұл туралы осы компанияның топ-менеджері Анар Жұмағұлова мәлімдеді. Корпоративтік қор директоры 21 қазанда Kursiv ESG 2025 форумында сөйледі.
«Көпшілікке мәлім Қаңтар оқиғасынан кейін «Қазақстан халқына» қоры құрылды. Елге көмектесу үшін кәсіпкерлерге осы қорға ақша салуы керек болды. Біз қордан өзіміз бөлген 2 млрд теңгенің қайда жұмсалатынын бақылауды талап еттік», – дейді Билайн топ-менеджері.
Оның айтуынша, компания қомақты қаражатты сегіз мектепті дамытуға бөлген.
«Шалғай ауылдардағы мектептерді құрал-жадбықтармен қамтамасыз еттік. Сол кезде елде білім саласының жағдайы мәз емес екенін түсініп, одан да ауқымды жобаны қолға алу керек деп шештік. Былтыр біз керемет мектеп салдық», – деді Жұмағұлова.
2022 жылдың басында Маңғыстау облысында жергілікті халық газ бағасының көтерілуіне қарсы шықты. Наразылық бүкіл елге жайылып, 4-5 қаңтарда жүздеген адамның өмірін жалмаған қақтығысқа ұласты. Ол Қаңтар оқиғасы деген атпен тарихта қалды.