Яндекс топ-менеджері құлағы нашар еститін таксишіге араша түсті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Мария Тимофеева, Yandex Qazaqstan әлеуметтік жобалар жетекшісі / фото: Kursiv.Media, Делия Айдарәлиева
Мария Тимофеева, Yandex Qazaqstan әлеуметтік жобалар жетекшісі / фото: Kursiv.Media, Делия Айдарәлиева

Yandex Qazaqstan әлеуметтік жобалар жетекшісі Мария Тимофеева блогер мен құлағының мүкісі бар такси жүргізуші арасындағы жанжал туралы пікір айтты. Топ-менеджер Kursiv ESG 2025 форумында сөйледі.

Оның айтуынша, республикада 900 мыңнан астам адамға курьер немесе такси саласында жұмыс ұсынып отырған компания үшін мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасау өте маңызды.

«Мен үшін өте жауапты мәселе. Біздің өнімдеріміз мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы болуы керек. Оларға табыс табуға мүмкіндік беру маңызды. Мәселен, көлікке отырған жолаушы таксишінің құлағы нашар еститінін білген уақытта ол туралы пікірі бірден өзгеріп шыға келетінін көрдік. Азаматтар оны қалыпты жағдай деп түсінуі керек», – дейді Тимофеева.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қазанда бір блогердің құлағының мүкісі бар таксишіні мазақтаған видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Қоғам жолаушы әйелдің бұл әрекетін сынады.

Полиция мәліметінше, бұл оқиға Алматы қаласында болған. Желідегі шудан кейін блогер қыз полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Сондай-ақ оқыңыз