71 жастағы шалдан жүкті болған қызға қатысты полиция жаңа мәлімдеме жасады

Жарияланды
полиция
Полиция жаңа хабарлама таратты /фото: shutterstock

Түркістан облыстық полициясы 71 жастағы шалдан жүкті болған жасөспірім қыздың оқиғасына қатысты жаңа хабарлама таратты. Онда істің полицияға қалай жеткені туралы айтылады.

Департаменттің Kursiv.Media-ға хабарлауынша, 2025 жылдың қыс айында жәбірленуші Астана қаласындағы медициналық мекемелердің бірінде жүкті ретінде тіркеліп, кейін босанған. Факт полицияға жеткенде, анасы қызының жас жігітімен өзара келісім негізінде байланыста болып, жүкті болғанын айтып, тергеу барысын жаңылыстырған.

«Осылайша олар арыз жазудан және сараптама жүргізуден бас тартқан.
Алайда ағымдағы жылдың 12 қазанында жәбірленушінің анасы күдікті ретінде 70 жастағы туысына қатысты арыз түсіріп, құқық қорғау органдарына жүгінді» делінген полиция хабарламасында.

Осы арыз негізінде Келес аудандық полиция бөлімі шұғыл қылмыстық іс қозғап, кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

15 жасар қыздың туысқан атасынан жүкті болғаны туралы ақпарат шыққаннан соң, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желіде мәлімдеме жасаған еді. Ол шалдан жүкті болған жасөспірімнің ісін қараған өңірлік полицейлердің үстінен қызметтік тексеру жүргізілетінін хабарлаған.Сондай-ақ істі Келес ауданы полиция бөлімі номенклатуралық түрде есептен шығарғанын жазған еді.

Десе де мұны облыстық полиция департаменті жоққа шығарды.

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысы Келес ауданы Еңбекші ауылында 15 жастағы оқушы 71 жастағы шалдан жүкті болып босанғанын жазған едік. Полиция зейнеткерге қатысты «Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабымен іс қозғалғанын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз