Салық төлеуге тура келеді: Қаржы министрлігі бизнеске берілетін жеңілдікті түсіндірді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор

2026 жылдың 1 сәуіріне дейін шағын және бизнесті салық мекемесі тексермейді. Дегенмен Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, тексеріс жүргізілмесе, төленбеген салық кешіріледі деген сөз емес.

Вице-министрдің айтуынша, мемлекет салық берешегін есептен шығармайды. Алайда шағын және микробизнеске едәуір жеңілдік ұсынылып отыр: олардың 2023, 2024 және 2025 жылдардағы жұмысына салық тексерісі жүргізілмейді.

«Бұл – салықтық амнистия емес. Біз салықты кешірмейміз, тек өткен кезеңге тексеріспен бармаймыз», – деді Біржанов.

2026 жылдың 1 сәуіріне дейін негізгі салық қарызын төлеген кәсіпкерлер үшін қосымша жеңілдік қарастырылған:

  • негізгі қарызын өтесе,
  • ол қарызға есептелген өсімпұл мен айыппұлдар кешіріледі.

Бұл қадам бизнесті қысымға алмай, қарыздарын ерікті түрде өтеуге ынталандыруға бағытталған.

Кәсіпкерлер үшін тағы бір маңызды өзгеріс – камералдық бақылаудың тоқтатылуы. Яғни бұрынғыдай салық органдары есептіліктегі сәйкессіздіктер үшін ескертпе жөнелтіп, кәсіпкерлерді ұзақ уақыт әуре қылмайды.

Үкімет салықтық әкімшілендіруді «таза парақтан» бастайтынын 16 қазанда жариялаған.

Сондай-ақ оқыңыз