«Шіріген жұмыртқа»: Ринат Зайыт Байділдиновтің әрекетін сатқындыққа теңеді

Жолақыны 500 теңгеге көтеруді ұсынған сарапшы Байділдинов сынның астында қалды. Оған қоғам қайраткерлері мен желі қолданушыларымен қатар, әнші Димаш Құдайберген де пікір білдірген. Депутат Ринат Зайыт та оның әрекетін сатқындыққа теңейді.
Kursiv. Media тілшісінің сауалына жауап берген депутат Байділдиновтің әрекетін сынға алды.
«Бізде қазақта «шіріген жұмыртқа» деген жақсы сөз бар. Ондай теңеу осындай адамдарға қатысты айтылады. Жұмыстан шығару керек деген пікірді қолдаймын. Ана тілі сияқты маңызды патриоттық себептерді айтпағанда, өз мемлекетіңді басқа елдің телеарнасына жамандау – ақылға қонымсыз іс. Мұны сатқындық деп бағалауға болады», – деді ол.
Айта кетейік, Байділдинов бұған дейін жолақы тарифін 500 теңгеге дейін көтеруді ұсынған болатын. Бұл мәлімдеме қоғамда үлкен резонанс туғызып, әлеуметтік желілерде наразылыққа себеп болды.
Сондай-ақ Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қоғамдық көлік жолақысын 500 теңгеге дейін қымбаттату туралы пікірге қатысты түсініктеме берген еді.