«Самұрық-Қазына» бюджетке аударатын қаражатты азайтады: себебі неде

Мәжіліс кулуарында «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов жаңа бюджет кодексіне сәйкес қор бюджетке аударатын әлеуметтік төлемдерді азайтатынын мәлімдеді.
Жақыпов 2025 жылы қор жаңа бюджет кодексіне сай жұмыс істеп жатқанын айтты.
«Соған сай дивиденд ретінде біз еншілес компаниялардан алынған дивиденттердің 50 пайызын бюджетке төлеуіміз керек. Былтыр бұл көрсеткіш 556 млрд теңгені құрады. Бірақ біз сондай-ақ еншілес компаниялардан 556 млрд теңгені алғанымызбен, мемлекетке әлеуметтік төлемдер ретінде 600 млрд теңгеден астам төлем жасадық. Биыл дивиденд төлерлік көлеміміз жоқ», – дейді ол.
Нұрлан Жақыповтың айтуынша, 2025-2027 жылдары қордың CAPEX бағдарламасы 18 трлн теңгені құрайтынын, оның ішінде 12 трлн теңге қарыз ретінде алынатынын, ал CAPEX бағдарламаларын қаржыландыру 7 трлн теңге болуы керектігін айтты. Қор бүкіл таза табыстарын жаңа жобаларға жұмсамақ. Олардың ішінде ББШ екінші тармағының газ құбыры, Ақтөбе-Қостанай газ құбыры, Атыраудағы полиэтилен жобасы бар. Одан басқа Алматыда ЖЭО-2, ЖЭО-2 жобаларын жаңартып, толыққанды газға қосады. Үш қалада (Көкшетау, Семей, Өскемен) жылу орталығы жобасын қаржыландырады.
Сонымен қатар Самұрық-Қазына басшысы 2025 жылы дивидендтер жобаларға жұмсалатынын айтты. Биыл еншілес компаниялардың дивиденттер көлемі 556 млрд теңгені, ал әлеуметтік төлемдер 600 млрд теңгеден асады.
«Біз әлеуметтік төлемдер сомасын жаңа бюджет кодексіне сай азайтамыз», – деп түйді ол.
Айта кетейік, бұған дейін «Самұрық-Қазына» қоры елдің ЖІӨ-де 7,5% құрайтынын жазғанбыз.