Сынып жетекшілердің үстемеақысы өсе ме: жаңа министр жауап берді

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Сынып жетекшілердің үстемеақысы / Фото: kursiv.media архиві

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова сынып жетекшілердің үстемеақысына қатысты сұраққа жауап берді.

Kursiv. Media тілшісі Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовадан сынып жетекшілердің үстемеақысына қатысты сұрақ қойды. Министр бәрі қаржыға тіреліп тұрғанын айтты.

«Сынып жетекшілердің мәселесі бұған дейін қарастырылған екен. Қазір бұл сұрақ қаржылық мүмкіндіктерге байланысты. Сынып жетекшілерден бөлек еден жуушылар, техникалық қызметкерлер бар. Сондықтан бұл мәселенің барлығын қаржының мүмкіндігіне байланысты қарастыратын боламыз. Бірақ бұл менің күн тәртібімде тұр», – деді Сүлейменова.

Айта кетейік, бұған дейін Ғани Бейсембаев қызметтен алынып, оның орнына депутат Жұлдыз Сүлейменова келгенін жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз