Миллионер Смағұлов өз мұражайын Димаш Құдайбергенге көрсетті

Жарияланды 22 Қазан 2025 19:14

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Миллионер Смағұлов өз мұражайын Димаш Құдайбергенге көрсетті / Фото: instagram.com/almatymuseumofarts, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қыркүйек айында Алматыда ашылған жаңа Almaty Museum of Art-қа барды. Әртіс үшін экскурсияны кәсіпкер, меценат және мұражайдың негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов өткізді, деп хабарлайды Kursiv.Lifestyle.

Музей баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, сапар барысында әнші негізгі залдарды аралап, белгілі қазақстандық және шетелдік суретшілердің туындыларын қамтитын мұражайдың тұрақты коллекциясымен танысты. Димаш экспозициялық бағдарлама аясында ұсынылған заманауи суретші Алмагүл Меңлібаеваның көрмесіне ерекше назар аударды.

Мұражайға келу Алматыдағы Димаштың мәдени бағдарламасының бір бөлігі болды. Әнші дәстүрлі түрде өнерді дамытуға және мәдени мұраны сақтауға байланысты отандық жобаларды қолдайды.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыдағы жаңа өнер мүзейі қыркүйек айында ашылғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз