Футбол федерациясы жанкүйерлер үшін мобильді қосымшаны іске қосты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Футбол федерациясы Jankuier мобильді қосымшасын іске қосты / фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Jankuier мобильді қосымшасын ресми түрде іске қосты. Федерацияның мәліметінше, негізгі мақсат жанкүйерлердің белсенділігін арттыру, ыңғайлы цифрлық сервистерді ұсыну және федерациямен өзара байланысты жеңілдету.

Платформаның мүмкіндіктері

Jankuier қазақстандық футболдың бүкіл экожүйесін қамтиды: кәсіби клубтар мен ұлттық құрамалардан бастап балалар-жасөспірімдер академияларына және бұқаралық футболға дейін.

Қолданушылар қосымша арқылы:

  • жаңалықтар оқи алады;
  • турнир кестесін және ойын нәтижелерін бақылай алады;
  • матчтарға электронды билет сатып алып, сақтай алады;
  • ресми атрибутика мен өнімдерге тапсырыс бере алады;
  • футбол алаңдарын жалға алып, академияларға жазыла алады.

Сонымен қатар белсенді жанкүйерлерге арналған бонус пен кэшбэк жүйесі енгізілген. Қатысушылар ҚФФ мен серіктестердің эксклюзивті сыйлықтарына ие бола алады.

Қолданба құрылымы және интерфейс

Қосымша ҚФФ-ның фирмалық стилінде жасалған және қолдануға оңай интерфейспен ерекшеленеді.

Басты бөлімдер мыналардан тұрады:

  • Басты бет: жаңалықтар, турнир және ойындар кестесі;
  • Билеттер: ұлттық құрамалар мен чемпионат матчтарына билет алу;
  • Қызметтер: алаң жалға алу, академиялар мен ресми өнімдерге жазылу;
  • Жаңалықтар: клубтар мен құрамалар туралы жедел ақпарат;
  • Профиль: жеке деректер, белсенділік тарихы және бонус жүйесі.

Jankuier қосымшасы қазақ және орыс тілдерінде, ал интерфейс iOS және Android құрылғыларына бейімделген. Қосымшаны App Store және Google Play дүкендерінен жүктеп алуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз