«Қайраттың» келесі ойындары Астана Аренада өтуі мүмкін – Боранбаев

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қайраттың» келесі ойындары Астана Аренада өтуі мүмкін /фото: kursiv.media

«Қайрат» футбол клубының басшысы Қайрат Боранбаев командасының келесі ойындары Алматыда емес, «Астана Аренада» өтуі мүмкін екенін айтты.

Боранбаевтың айтуынша, УЕФА клубқа матч өтетін орынды өзгертуге рұқсат берген. Соңғы шешім 5 қараша күні өтетін «Интерге» қарсы ойыннан кейін қабылданады.

«УЕФА тарапынан бізге матч өтетін орынды өзгертуге рұқсат берілді. Шешімді «Интермен» ойнаған соң қабылдаймыз. Уақыт бар, бәрі ауа райына байланысты. Біз, әрине, барынша Алматыда ойнағымыз келеді. Біздің алаң да, ойыншылар да дайын. Бірақ ауа райы жанкүйерлерге қолайсыздық тудыруы мүмкін. Былтыр 12 желтоқсанда «Челсимен» өткен «Астананың» ойынында қатты суық болғанын білеміз. Өзім де сол кезде матчқа бармадым, – деді Боранбаев.

Айта кетейік, «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы келесі ойындары 9 желтоқсанда «Олимпиакосқа», 20 қаңтарда «Брюггеге» қарсы өтеді.

Клуб басшысы Алматыдағы ауа райының қолайсыз болуы көрермендерге қиындық тудырмас үшін балама нұсқаларды қарастырып жатқанын айтты.

Ал 26 қазан күні «Қайрат» ел біріншілігінде чемпионды анықтау үшін «Астанамен» ойнайды. Айтулы ойынға билеттер сатылымға шыққаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз