
OpenAI жасанды интеллекті бар ChatGPT Atlas деп аталатын веб-браузерін таныстырды. Ол ChatGPT чат-боты негізінде әзірленген.
Atlas-тың басты ерекшелігі – ChatGPT бар бүйірлік панель. Оның көмегімен пайдаланушы сайт мазмұнына қатысты сұрақ қоя алады, тауарларды салыстырады немесе чат-боттан ақпаратты өңдеп беруді сұрайды. Қолданушының хатын ресми, кәсіби редактура жасауға да мүмкіндігі бар.
OpenAI кейбір премиум-аккаунттар үшін Agent Mode атты сынақ режимін іске қосты. Ол виртуалды көмекші ретінде іссапарға билет брондау, ыңғайлы маршруттар құрастыру сияқты тапсырмаларды орындайды.
Компанияның мәліметінше, браузерде пайдаланушылар өз деректерін толық бақылай алады. Іздеу тарихын немесе браузердің «есте сақтау» функциясын өшіруге болады.
Қазір браузер macOS қолданушыларына қолжетімді, ал жақын уақытта Windows, iOS және Android жүйелерінде де пайда болады.
Осы жазда OpenAI ChatGPT-5 жаңартылған нұсқасын шығарған. Компания оны ойлау қабілеті жақсартылған алғашқы ашық модель деп таныстырды.