Оқушылар төбелесін жасырған: Жұлдыз Сүлейменова Жамбылға іссапармен барады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Жұлдыз Сүлейменова
Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова / фото: ашық дереккөзден

Тағайындалғанына көп бола қоймаған оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова алғашқы іссапарын Жамбыл облысынан бастайды. Ол жасөспірімдерді ұрып-соққан жағдайды, оқушылар төбелесі жайлы ақпаратты бұрмалаған мектептерді аралап көрмек.

«Жамбыл облысына іссапармен бара жатырмын. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің есебі, Бас прокуратураның есебі негізінде сол мектептерге (зорлық-зомбылық фактілерін жасырған мектептер – ред.) барғымыз келеді Одан бөлек Ішкі істер министрлігі, осы жөніндегі депутаттары бірігіп, үйлестіру кеңесін өткіземіз», – деді министр үкімет отырысынан кейін тілшілерге.

Сүлейменованың сөзінше, жергілікті атқарушы органдар министрлік пен бала құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынымдарына жеткілікті көңіл бөлмеген.

Бұған дейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Жамбыл облысындағы кейбір мектептер құқық бұзушылықтарды жасырып келгенін айтқан. Оқушылар арасында құпия сауалнама жүргізгенде олар қорқыту, бопсалау жайлы айтқан. Бірақ әкімшілік өкілдері оны бұрмалап, есепті басқаша жасаған.

Қыркүйекте Шу ауданы Көкқайнар ауылында 10-сынып пен 11-сынып оқушылары арасында төбелестен бір бала қайтыс болды.

Сондай-ақ оқыңыз