Путин мен Трамп кездесуі кейінгі қалды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Трамп Путин АҚШ Ресей
Дональд Трамп пен Владимир Путин / фото: REUTERS/Kevin Lamarque 

Дональд Трамп пен Владимир Путин арасындағы жоспарланған саммит кейінге қалды. Бұл туралы Ақ үйдің жоғары лауазымды өкіліне сілтеме жасаған Reuters жазды.

Кездесудің кейінге қалуына Мәскеудің Украинадағы атысты тоқтату талабын қабылдамауы себеп болған көрінеді.

«Қазіргі уақытта президент Трамптың президент Путинмен жақын арада кездесу жоспары жоқ», – деді Reuters спикері.

Бұл шешім АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың «телефон әңгімесінен» кейін қабылданған. Дегенмен Путиннің инвестициялар жөніндегі өкілі Кирилл Дмитриев әлеуметтік желіде «саммитке дайындық жалғасып жатыр» деп жазды.

Өткен аптада Трамп Венгрияда Путинмен кездесіп, Украинадағы соғысты тоқтату жолдарын талқыламақ ниетті екенін айтқан еді. Алайда Мәскеу Украина өз аумағының бір бөлігін бергенде ғана атысты тоқтайды деген ұстанымынан танбай отыр. Қазір Ресей Луганск облысын түгел және Донецк облысының шамамен 75%-ын бақылауына алған.

Бұған дейін 17 қазанда Трамп Ақ үйде Зеленскиймен жолыққан. Кей басылымдардың жазуынша, кездесуде Донбассты Ресейге беру туралы әңгіме айтылған, бірақ Трамп оны жоққа шығарды.

Сондай-ақ оқыңыз