ЖТСМ 46%: Тұтынушылық несие арзандай түсе ме?

Жарияланды 22 Қазан 2025 12:08

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
Фото: shutterstock

Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп тұтынушылық несие бойынша шекті жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) 56%-дан 46%-ға дейін төмендетті. Енді оны 40%-ға дейін төмендетуді қарастырып жатыр. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

Несиедегі ЖТСМ деген не?

ЖТСМ-нің 56%-дан 46%-ға дейін төмендеуі тұтынушы үшін несие сәл арзандауы мүмкін дегенді білдіреді.

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) – сіз несие алған кезде төлейтін барлық шығындардың жылдық пайыздық көрінісі. Оның ішіне банктің негізгі пайыздық мөлшерлемесі, барлық комиссиялар мен төлемдер, қосымша міндетті шығындар кіреді.

Мәселен, тұтынушы бір жылға 1 млн теңге несие алатын болса, 56% ЖТСМ-мен жалпы төлемі  1 328 600 тг болады.

ЖТСМ төмендесеңіз, несиеңіз қаншалықты арзандайды?

Ал ЖТСМ 46%-ға түссе, онда миллион теңге несиені бір жылда 1 266 300 тг етіп қайтарасыз. Яғни, шекті пайыз 56%-дан 46%-ға түссе, 1 млн теңге несиенің жылдық шығыны шамамен 62 мың теңгеге азаяды. Ал Ұлттық банк уәде еткендей ЖТСМ тағы 40%-ға дейін түссе, тағы 36.6 мың теңге үнемделуі мүмкін.

ЖТСМ (жылдық тиімді мөлшерлеме)Ай сайынғы төлем (шамамен)Жалпы төлем (12 айда)Артық төлем (пайыз + комиссия)
🟥 56% 110 700 тг 1 328 400 тг 328 400 тг
🟧 46% 105 500 тг1 266 000 тг266 000 тг
🟩 40%102 500 тг1 230 000 тг 230 000 тг

Сарапшылар сөзінше, шекті пайыздың төмендеуі жақсы, бірақ барлық жағдайда несие арзандайды дегенді білдірмейді. Кейде банктер шарттарды қатаңдатып, қосымша төлем енгізуі мүмкін.

Екі жыл бұрын ҚНРДА жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін 42% деңгейіне дейін төмендетуді ұсынған еді.

Сондай-ақ оқыңыз