Жаңалықтар

Алтын бірден 230 долларға арзандады

золото
Фото: shutterstock

Кейінгі бірнеше айда құны артқан алтын мен күміс бағасының жоғарыға өрлеуі аяқталды. Енді бағалы металдар арзандап жатыр. Мәселен, алтын бір тәулікте шамамен 230 долларға арзандады.

Астана уақытымен сағат 8:30-дағы жағдай бойынша, алтынның бір унциясы 4 113,05 доллар тұрады. Ол бір тәулікте 5.28%-ға, яғни бірден 229.30 долларға арзандады.

Күміс те құнын жоғалтып жатыр. Қазір оның бір унциясы 48,8 доллар тұрады. Күміс бір тәулікте 6,63%-ға, яғни 3.46 долларға арзандады.

Инвесторлар алтынның бағасы тым қатты көтеріліп кеткенін түсінді. Оның үстіне АҚШ пен Қытай арасы жыли бастағандай көрінді. Бұған қоса алтынды көптеп сатып алып отырған Үндістанда Дивали мерекесі басталып, жергілікті нарық жабылды. Сұраныстың аздап болса да азаюы алтын бағасына әсер етті.