Ерте жүктіліктің алдын-алу үшін мектептерде акушер-гинеколог дәрігер болады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Оқушылар арасында ерте жүктілікті анықтау үшін дәрігер тексеруіне өзгерістер енгізілмек \ Фото: shutterstock

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ақтөбе облысы Ойыл ауылындағы 14 жастағы оқушы қыздың босанған оқиғасына қатысты пікір білдірді.

Сүлейменова бұл іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ оқушылардың жүктілік мәселесі өршіп тұрғанын, оған мемлекет тарапынан жүйелі жұмыс қажет екенін атап өтті.

«Бұл, әрине, өкінішті жағдай. Ерте жүктілік мәселесі өзекті болып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік тұрғыдан жүйелі шешімге келетін болсақ, қазіргі таңда мектептерде акушер-гинеколог маманы жоқ, соны қайтару мәселесін Денсаулық сақтау министрлігімен бастап жатырмыз«, –  деді министр мәжіліс кулуарында.

Министр осы оқиғадан соң кейбір оқушылар психологиялық ауыр жағдайға тап болғанын айтады. Нәрестелі болған оқушыға да психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Еске салайық, 14 жастағы оқушы қыз алпыстан асқан өгей нағашы атасынан жүкті болып қалған. Күдікті қамауға алынды. Балалардың құқығын қорғау комитеті жағдайды бақылауға алды. Ойыл ауданының орталығындағы орта мектепте оқитын тоғызыншы сынып оқушысы 13 қазанда сабақ кезінде толғатқан. Бар болғаны 14 жастағы қыздың аяғы ауыр екенін туыстары да, мектеп мұғалімдері де білмеген. 

Сондай-ақ оқыңыз