
Мемлекет енді «Отбасы банк» салымшыларына жыл сайынғы сыйақы төлеуді тоқтатады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, банк құрылған 12 жыл ішінде мемлекеттік бюджеттен шамамен 900 млрд теңге бөлінген. Ал «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы аясында алдағы үш жылда банкке 210 млрд теңге бөлуді жоспарланып отыр.
«Біз осы бағдарламаның арқасында салымшылар санын 10 есеге жуық арттырдық. Бүгінде олардың саны 2,1 млн адамға жетті. «Отбасы банк» мемлекеттік банк болғандықтан, қазіргі таңда қаржылық тұрақтылығы жоғары. 2024 жылдың қорытындысы бойынша таза табыс 121 млрд теңгені құрады. Сол себепті, сыйлықақыны қаржыландыру енді «Отбасы банкінің» өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады деген шешім қабылданды», – деді Мәжіліс отырысында Мәди Такиев.
Такиев осылайша бюджетке түсетін салмақ азаяды деп санайды. Алайда банк салымшылары үшін ештеңе өзгермейді.
Еске салайық енді әскерде қызмет еткен қазақстандықтар «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламасы аясында Отбасы банк арқылы төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үй сатып ала алады.