2026 жылы республикалық бюджет кірісі 19,2 трлн теңгеге жетеді – Жұманғарин  

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
2026 жылдан бастап бюджет кірістері артып, Ұлттық қордан қосымша қаржы тарту қажет болмайды / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет кірістері мен шығыстарының теңгерімі жақсарып, фискалдық тұрақтылық қамтамасыз етіледі деп мәлімдеді.

Кірістер өседі, шығыстар тұрақтанады

Министр келтірген деректерге сүйенсек, 2026 жылы республикалық бюджеттің кірістері 19,2 трлн теңге көлемінде немесе ЖІӨ-ге қатысты 10,5% деңгейінде болжануда. Бұл – биылғы жылдың бағалауымен салыстырғанда 4,7 трлн теңгеге артық. Ал 2028 жылға қарай бұл көрсеткіш 23,2 трлн теңгеге дейін өсіп, 20,8%-ға жетеді деп күтілуде.

Жалпы республикалық бюджеттің меншікті кірістермен қамтамасыз етілуі 2025 жылғы 63,7%-дан 2028 жылы 83,5%-ға дейін артады.

Бюджет шығыстары да жоспарланған:

  • 2026 жылы – 27,7 трлн теңге (ЖІӨ-нің 15,1%),
  • 2027 жылы – 28,8 трлн теңге (ЖІӨ-нің 14,0%),
  • 2028 жылы – 29,8 трлн теңге (ЖІӨ-нің 13,0%).

Ұлттық қорға қосымша жүк түспейді

Аталған кезеңде бюджет Ұлттық қордан тек кепілдендірілген трансферт (жыл сайын 2,77 трлн теңге) шегінде қаржыландырылады. Қосымша нысаналы трансферттер тартудың қажеті болмайды.

Тапшылық қысқарады, борыш азаяды

2026 жылы фискалдық тапшылық ЖІӨ-нің 2,5%, мұнай емес тапшылықтар 4,9% деңгейінде болады деп болжанса, 2028 жылы олар тиісінше 0,9% және 2,7%-ға дейін қысқарады.

Үкіметтік борыштың үлесі де азаяды, 2026 жылы ЖІӨ-нің 21,4%-ын құраса, 2028 жылы 19,6%-ға дейін төмендейді. Бұл бюджет тұрақтылығы мен мемлекеттік борыштың қауіпсіз деңгейде сақталуын білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыз