Жаңалықтар

Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызылған ақтөбелік әйел үйіне жіберілетін болды

Бес бала анасы үшін араша сұраған/фото: shutterstock

Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызылғаны туралы даулы оқиғаның кейіпкері болған әйел үйіне шығарылды.

Бұған дейін бір үйдің бес баласы анасына араша сұрап, видео жариялаған. Ол жерде бес баланың үлкені Құралай анасына бір күнде шизофрения диагнозы қойылғанын айтқан. Тіпті 40 күн жындыханада жатып шыққаннан кейін, анасының танымастай өзгергенін жеткізді.

«Бір күнде анамызды жындыханаға жатқызып, бізді орталыққа жіберді. Бауырлар мүлікке таласты. Сіңілім екеумізді де ауру деп жатқызғысы келді. Қатты қорқамыз. Бізге тіреу болатын ешкім жоқ. Әкеміз ішеді, бізді іздеген емес. Анамыз жалғыз өзі қарап келді. Анамыз ауру емес. Біздің де есіміз дұрыс», – дейді жасөспірім видеода.

Әйелдің Алматыдағы психикалық денсаулық орталығына жіберілгені айтылды.

Содан кейін әлеуметтік желіде ақтөбелік әйелдің видеосы жарияланды. Әйел Алматыдағы дәрігерлердің өзіне қатысты «толық сау» деген қорытынды шығарғанын айтқан.