Жаңалықтар

Шикізат өңдеу мен көлік шығару: қандай ірі жобаларға басымдық беріліп отыр

басмыдыө берілген 17 жоба
Басымдық берілген 17 жоба белгілі болды / Фото: primeminister.kz бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Қазақстанда жоғары деңгейде өңделетін өнім шығаратын өндірістер ашылып жатыр. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елде отандық шикізатты терең өңдеу және ірі кәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Олардың қатарында жақында ашылған KIA Qazaqstan (Қостанай облысы) және Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (Алматы қаласы) автомобиль зауыты бар, сондай-ақ металлургия, химия, мұнай-химия және тамақ өнеркәсібі бойынша жобалар енген:

  1. «Mineral Product International» ЖШС металлургия кластері (Павлодар облысы).
  2. «ССГПО» АҚ ыстық брикеттелген темір өндіру зауыты (Қостанай облысы).
  3. Qarmet комбинатын жаңғырту (Қарағанды облысы).
  4. «KAZ Minerals Smelting»/NFC ЖШС мыс балқыту зауыты (Абай облысы).
  5. «Ертіс» гидрометаллургия комбинаты (Павлодар облысы).
  6. «Бутадиен» ЖШС бутадиен және оның туындыларын өндіру зауыты (Атырау облысы).
  7. «KMG PetroChem» ЖШС полиэтилентерефталат (ПЭТФ) өндіру зауыты (Атырау облысы).
  8. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Шымкент мұнай өңдеу зауытының екінші кезегі (Шымкент қ.).
  9. «КазАзот Prime» ЖШС аммиак пен карбамид өндіру зауыты (Маңғыстау облысы).
  10. «Qazaq Kalium Ltd» жеке компаниясының калий тұздарын өндіруге арналған байыту-өндірістік кешені (Батыс Қазақстан облысы).
  11. «Астана Туризм» ЖШС көпфункционалды туристік ауданы (Астана қаласы).
  12. «Жылы жағажай» кешенді дамуы (Маңғыстау облысы).
  13. Бидай мен бұршақты терең өңдеуге арналған интеграцияланған агроөнеркәсіптік кешен (Астана қаласы).
  14. «Qostanai Grain Industry» ЖШС дән мен бидайды терең өңдеу зауыты (Қостанай облысы).
  15. «Силлено» ЖШС «KMG PetroChem» ЖШС интеграцияланған газ-химия кешені (Атырау облысы).

Жалпы индустриялық дамуды жеделдету мақсатында жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 190 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл жобалар ашылған соң металлургия, машина жасау, мұнай-газ химиясы және тамақ өнеркәсібі салаларында 22,6 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ.

21 қазанда ашылған KIA Qazaqstan зауыты болашақта жаңа көлік түрлерін шығарады. Ол өнімдерін тек ішкі нарық емес шетелге шығаруды жоспарлап отыр.