2025 жылы Отбасы Банк ипотекасымен 60 мың отбасы тұрғын үй алды

Жарияланды 23 Қазан 2025 19:51

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
2025 жылы Отбасы Банк ипотекасымен 60 мың отбасы тұрғын үй алды / Фото: Серікжан Қобланбаев

Отбасы Банктің әрбір үшінші қарыз алушысы 2025 жылы өзінің алғашқы тұрғын үйін сатып алды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі. Жыл басынан бері пәтер мен үй кілттерін 60 мың отбасы алды, ал берілген қарыздың жалпы көлемі 1,25 трлн теңгені құрады – бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37%-ға артық.

Атап айтқанда, жыл басынан бері алғашқы баспана сатып алған бірнеше топ өкілдері бар:

  • 191 ғалым ставкасы 5% және бастапқы жарнасы 10% болатын ғылыми қызметкерлерге арналған бағдарлама бойынша;
  • 2% және 5% жеңіл мөлшерлемелі мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үйге кезекте тұрған 4 935 адам;
  • «Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» бағыттары бойынша 7 038 қазақстандық әлеуметтік осал санаттар үшін 7% және қалған азаматтар үшін 9% мөлшерлемелермен.

Бұл бағдарламаларға қатысушылардың шамамен 60%-ы 35 жасқа дейінгі жастар.

Бұдан бөлек, 4 656 баспананы банктің және әкімдіктердің бірлескен бағдарламалары бойынша өңірлердің тұрғындары мен тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінде өз бетінше жинаған салымшылары сатып алды.

Сондай-ақ, қазір Отбасы банкінде 3,2 млн адам үйге ақша жинауда. Күн сайын 2,5 мыңға жуық жаңа депозит ашылып, 200-ге жуық қарыз беріледі. Банктің бағалауы бойынша, жыл соңына дейін тағы 7 мыңнан 10 мыңға дейін тұрғын үй беріледі.

2025 жылы банкте 694 мың жаңа депозит ашылды – бұл теңгедегі ұзақ мерзімді салымдар нарығының 32%. Отбасы банкі елдің ипотекалық портфелінің 51% иелік етеді (1 қыркүйектегі деректер бойынша).

Қазір Отбасы Банкі Қорғаныс министрлігімен және басқа ведомстволармен бірлесіп «Әскери баспана» бағдарламасының жаңартылған шарттарын талқылауда. Оны тұрғын үй төлемдерін алатын әскери қызметшілер мен күш құрылымдарының қызметкерлері пайдалана алады.

Сондай-ақ оқыңыз