Алматыдан Мәскеуге тікелей пойыз жүре бастайды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Алматыдан Мәскеуге пойыз жүре бастайды / Фото: РТЖ

Алматыдан Мәскеуге тікелей пойыз жүре бастайды. Бұл туралы «Ресей темір жолы» компаниясы хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, рейсті ашу туралы өтінішті «РТЖ»-ға «Қазақстан темір жолы» компаниясы жасаған. Рейс күн сайын жүретін болады.

  • Алматыдан олар 26 қазаннан бастап сағат 20:00-де (жергілікті уақытпен) №7/8 Алматы – Саратов пойызының құрамында жөнелтіле бастайды.
  • Мәскеуден – 30 қазаннан бастап сағат 19:27-де (жергілікті уақытпен) №85/86 Мәскеу-Дербент пойызының құрамында жөнелтіледі.

Жол жүру уақыты – шамамен 3,5 күн. Жолаушыларды отырғызу/түсіру үшін аялдамалар Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Саратов, Ртищево, Тамбов, Мичуринск, Рязань қалаларында және басқа да елді мекендерде қарастырылған.

Айта кетейік, Алматы мен Мәскеу арасындағы тікелей теміржол қатынасы 2017 жылы тоқтатылған.

Сондай-ақ оқыңыз