Lifestyle

Алматылық 10 жасар биші Қазнетті таңғалдырды

Алматылық 10 жасар биші Қазнетті таң қалдырды / Скриншоты threads.com/@iam_memorable

10 жасар алматылық биші көшеде билеп, Қазнетті таңғалдырды, деп хабарлайды Kursiv.Lifestyle.

Тhreads пайдаланушылары желіден Натан есімді баланы байқаған. Ол күн сайын Гагарин мен Ходжанов көшелерінің қиылысында Майкл Джексонның хит әндерін қосып билейді. Баланың қимылдары, сенімділігі мен энергиясы оны кішкентай қала жұлдызына айналдырды.

Оның алдында әрдайым қара қалпақ тұрады, және оған көрермендер ақша тастайды. Натан планшетке ақша жинауды армандайды және оны өз бетімен алуды жөн көрген.

Threads қолданушылары баланың өнеріне тамсанады.

«Оған планшеттің керегі жоқ, талантын ойындар өлтіреді», «Натанға ерте ме, кеш пе үлкен ұсыныстар түсуі керек», «Музыкалық талғамы жақсы екен», «Биі тамаша», «Өте талантты бала», — деп жазады көрермендер.

Биден басқа, бала әлеуметтік желілерді барабан ойнап таңғалдырады.