
Полиция Ташкент метросында ер азаматтарға тиісіп, пранк жасаған танымал қазақстандық блогер Аружан Айбековаға қатысты тексеру жүргізді, деп хабарлайды Kursiv.Lifestyle.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қыз жолаушыларға вагондарда тиісіп, видеоға түсіріп, кейін өз аккаунттарында бейнероликтер жариялаған.
Оған қатысты ұсақ бұзақылық туралы бап бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жіберілді.
Бұған дейін Аружан Айбековаға дәл осындай әрекеті үшін ескерту жасалған. Полиция хабарлауынша, ол осыған дейінгі ескерту оған сабақ болмаған.
«Мұндай әрекет қоғамдық мәдениетті құрметтемеу және әдеп нормаларын бұзу. Полиция қоғамдық орындарда әдепсіз, арандатушылық немесе ар-намысты қорлайтын мінез-құлықтың кез келген түріне жол берілмейтінін және заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын еске салады», – деп атап өтті полиция департаменті.
Бұған дейін Айнабекова Қытайдағы осындай пранктерді видеоға түсірген. Оның «ерекше әзілі» әлеуметтік желіде наразылық тудырды. Полиция ескерту жасап, профилактикалық әңгіме жүргізгеннен кейін блогер өз әрекеті үшін кешірім сұраған.