«Жыл сайын 100 пәтер сыйла» – Баян Алагөзова күйеуіне ақыл айтқан

Жарияланды 23 Қазан 2025 22:15

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
«Баян Алагөзова тәңіршілдікті қолдады» деген айып тағылды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
«Жыл сайын 100 пәтер сыйла» – Баян Алагөзова күйеуіне ақыл айтқан / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Белгілі продюсер Баян Алагөзова күйеуі Тұрсын Алагөзовке жыл сайын қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлап отыруға ұсыныс жасағанын айтады, деп хабарлайды Kursiv.Lifestyle.

Әсел Қожақованың YouTube арнасына берген сұқбатында продюсер күйеуі Тұрсын Алагөзов «МаxiЧай» брендіндегі қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлауға ниетті екенін айтқан да, оған қолдау көрсеткенін айтты.

«Мен сіне толыққанды қолдаймын. Сен жарадың. Сенімен бірге 20 жылдан артық жұмыс істеп келе жатқан адамдар, осы марапатқа лайық», – деп қолдаған жарын Алагөзова.

Бұған қоса, ол жұбайына жыл сайын 100 пәтер сыйлап отыру керек екендігі жөнінде ескерткен.

«Бұл сен үшін минимум. Сен кем дегенде жыл сайын 100 пәтер сыйлап отыруың керек… Себебі саған Құдай осыншалық мүмкіндік берсе, сен онымен бөлісуге жәй ғана міндеттісің», – деді продюсер.

Алагөзова жұбайымен қоса, өзінің де жақсылық жасайтынын, өзінің айналасындағы жандардың оқу ақысын төлеуге, ДЦП баласы бар жалғыз басты анаға, ата-анасынан айырылған қыз балаға және бұдан бөлек көптеген жандарға көмек көрсететінін атап өтті.

Айта кетейік, мамыр айында қазақстандық бизнесмен, GALANZ bottlers компаниясының негізін қалаушы Тұрсын Алагөзов 100 қызметкеріне 100 пәтер сыйлап, көпшілікті таңғалдырған еді. 

Сондай-ақ оқыңыз