
Танымал әншілер Әбдіжаппар Әлқожа мен Мейрамбек Бесбаев әлеуметтік желіде жаңа бейнеролик жариялап, жанкүйерлерін таңғалдырды. Әншілер «Реал Мадрид» ойыншыларының формасын киіп, әйгілі клуб футболшыларына еліктеп би биледі.
Бейнероликте қос өнерпаз ақ және ақ-қара түсті Real Madrid киімімен билеп, көрермендерді өздерінің алдағы концерттеріне шақырды.
«Real-ный концерттен қапы қалмаңыздар!» — деп жазды.
Қос өнерпаздың алдағы концерт кестесі:
1 қараша — Тараз
2 қараша — Шымкент
3 қараша — Қызылорда
4 қараша — Түркістан
6 қараша — Алматы
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәдина Сәдуақасова «Реал Мадрид» жейдесін киіп, Қайратпен суретке түскен еді.