
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан WTA 500 турнирінің 1/8 финалында канадалық Лейла Фернандесті сенімді түрде ұтып, келесі кезеңге өтті.
Матч 1 сағат 28 минутқа созылды. Рыбакина қарсыласын 6:4, 6:3 есебімен жеңіп, жалпы есеп бойынша 2:0 нәтижесімен матчты өз пайдасына аяқтады.
Бірінші сетте Рыбакина қарсыласының доп беруін екі рет бұзып, сенімді ойын көрсетті. Екінші сетте де басымдықты өз қолына алып, матчты тай-брейкке жеткізбей тәмамдады.
Осылайша Елена Рыбакинa Токио турнирінің ширек финалына шықты. Келесі айналымда тағы бір канадалық теннисші Виктория Мбокомен бақ сынайды.