Lifestyle

23 қазаннан бастап «Ұлжан» музыкалық драмасы Freedom Media-да көрсетіледі

«Ұлжан» музыкалық драмасы Freedom Media-да көрсетіледі / фото: Freedom Media

2025 жылғы 23 қазаннан бастап Freedom Media платформасында жаңа «Ұлжан» сериалының көрсетілімі басталады. Өз болмысын сақтап, арманы арқылы тағдырын өзгертуге ұмтылған жас қыз туралы музыкалық драма.

Басты кейіпкер ауылдан шыққан, музыкалық салада өзін дәлелдеуге тырысқан бойжеткен. Ішкі күмән мен қоғамның қысымын жеңіп, өз жүрегінің үніне еріп өмірін өзгертеді. Оқиғада өзін-өзі тану, еркіндік пен жеке таңдау тақырыптары көтеріледі.

Сериалдың режиссері әрі сценарисі – Яна Скопина. «Ұлжан» жобасының идеясы қазақстандық әнші Yenlik-пен танысудан кейін туындаған. Әншінің шығармашылық жолы мен тұлғалық еркіндігі сценарийге шабыт болған.

«Бүгінде Қазақстандағы музыка әлемі ерекше серпінмен дамып келеді. Жас орындаушылар өз ойын ашық айтып, дара стилін қалыптастыруда. Мен осы қозғалыстың аясында тұлғалық еркіндіктің қалай қалыптасатынын көрсеткім келді», – дейді Скопина.

Сонымен қатар сериалда Yenlik, Ержан Нұрымбет, Айгерім Кленова және Нұрғиса Тұрсынбай да ойнайды.

Музыкалық сүйемелдеуді Ozen лейблы дайындаған. Сериал үшін арнайы жазылған тректер көрерменге жаңа эмоциялар сыйлайды және кейіпкерлердің сезімін күшейтеді.

«Ұлжан» – талант, таңдау және өз арманыңа адал болу туралы шынайы әрі шабыт беретін туынды. Музыка мен драма элементтерін біріктірген сериал әр көрерменге ерекше әсер қалдырады. 23 қазаннан бастап Freedom Media платформасында көруге болады