
Қазақстандық блогер Аружан Айбековаға Ташкент метросында жігіттердің денесін ұстаған пранкі үшін әкімшілік іс қозғалды.
Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Полицияның пікірінше, блогер қоғамдық орында әдепсіз әрекет жасап, оны әлеуметтік желілерде таратқан.
«Өзбекстан метросында жүрген кезде қыз жолаушыларға әдейі тиіскен. Бұл сәтті видеоға түсіріп, өзінің жеке парақшаларында жариялаған. Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша оған қатысты әкімшілік іс қозғалды», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Ведомствоның мәліметінше, іс материалдары сотқа жолданған.
«Бұған дейін де ол осындай әрекет жасаған, сол кезде онымен профилактикалық әңгіме жүргізілген болатын. Алайда, көріп тұрғанымыздай, тиісті қорытынды шығармаған», – делінген полицияның хабарламасында.
Полицияның хабарлауынша, мұндай қылықтар қоғамдық моральға құрметсіздік танытады. Іс-әрекеттің белгіленген нормаларын бұзады.
Мұның алдында Аружан Айбекова Қытайда пранк жасап, Қазақстанға келгеннен кейін полицейлер профилактикалық әңгіме өткізген болатын.