Lifestyle

Toyota Corolla Cross моделін жол талғамайтын гибрид көлікке айналдырды

Фото: Toyota

Toyota Corolla Cross Nasu жол талғамайтын көлік ретінде жаңартылды. Модельдің төбесіне жүксалғыш орнатылды, гибридті қондырғымен жабдықталды және клинерсі жоғары көтерілді.

Carscoops мәліметінше, жоба брендтің қосалқы бөлшектер мен тюнинг жиынтықтарын әзірлеуге жауапты SPAD (Service Parts and Accessories Development) бөлімшесі арқылы жасалған.

Toyota Corolla Cross Nasu: жол талғамайтын нұсқасы таныстырылды / Фото: Toyota

Toyota Corolla Cross Nasu несімен ерекшеленеді

Көлікте 200 ат күші бар, бұл Corolla Cross Hybrid- тен алынған. 2 литрлік бензинді қозғалтқыш үш электрмотормен бірге жұмыс істейді.

Nasu нұсқасының жерге дейінгі биіктігі көбейген, жолсыз жерге арналған Toyo Open Country A/T III шиналары қойылған. Шанаққа арка кеңейткіштері, пластиктен жасалған астын қорғайтын жабын және капотқа сәндік ауа қабылдағыш орнатылған. Ал төбесінде велосипед орнатуға арналған толыққанды жүксалғыш бар.

Фото: Toyota

Автокөлік салонына жарық, портативті тоңазытқыш, JBL аудиожүйесі және жүксалғышқа арналған ұйымдастырушы орнатылған.

Айта кетейік, атауы Toyota компаниясы өз үлгілерін сынақтан өткізетін Жапониядағы Насу тауының құрметіне қойылған.

Нарыққа қашан шығады

Компанияның хабарлауынша, Corolla Cross Nasu модификациясының ресми таныстырылымы қараша айында Лас-Вегаста өтетін SEMA көрмесінде болады.

Айта кетейік Toyota әлі күнге дейін әлемдегі ең жиі сатылатын автокөлік болып тұр. 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларындағы көрсеткіш осыған дәлел. Жапондық автоөндіруші әлемдік нарықтағы көшбасшылықты 10 жылдан бері сақтап келеді.